Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айына 3-4 млн теңге": Нүкенованың көмекшісі оның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты

Жарияланған күні:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: facebook.com/saltanat.nukenova

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында Салтанат Нүкенованың көмекшісінен жауап алынып жатыр. Анар Тасова марқұмның астрологиядан табысы қандай болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тұрмысқа шықпай тұрып, ол жақсы ақша табатын. Айына шамамен 3-4 млн теңге. Барлық чектер мен жазбалар мен арқылы өтетін. Мен барлық төлемдерді көрдім. Жеке кеңестен бөлек болжамдар, бағыттар мен таланттар бөлек төлем бойынша жүретін. Кейде өте шұғыл кеңестер болатын. Егер адам 2-3 апта бұрын жазылса, кеңес өткізу 50 мың теңге болды. Ал егер бір апта көлемінде жазылғысы келсе, онда төлем екі еселенетін", - деді Салтанаттың көмекшісі Анар.

Адвокат куәгерден Салтанаттың өзіне қымбат сыйлықтар алуға жағдайы болды ма?" деп сұрады.

"10 сәуір күні ол Қуандыққа сыйлыққа тапсырыс беруімді өтінді. Мен үстелге қоятын бонбоньеркалар, 210 мың теңге тұратын иіс су алдым. Ол ақшаны өз картасынан жіберді. Себебі бұған дейін оған кеңес алуға үш қыз жазылып қойған болатын", - деді куәгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082200-aiyna-3-4-mln-tenge-nukenovanyn-komeksisi-onyn-astrologiyadan-tabysy-qandai-bolganyn-aitty/