Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл идея аяқасты ойыма келді": батысқазақстандық үйін монтаж көбігімен судан сақтап қалған (видео)

Жарияланған күні:

Су тасқынына қарсы жұмыстар
Су тасқыны. Фото: ТЖМ

БҚО тұрғыны Мағжан Аққожин монтаж көбігімен есіктерді бекітіп, үйін су тасқынынан аман алып қалды. Бұл туралы тұрғын Qazaqstan арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үй, гараж есіктерін бекітіп, үйін су тасқынынан сақтап қалған.

"Жаңадан салған үйім. Түнімен ауыл әкімі, ауыл жастарымен сумен арпалыстық. Жанұямды эвакуация жасадық. Таң ата сегіздерде жырадан су тез арада кіріп келді. Жылдам әрекет ету керек болды", - дейді ол.

Мағжан Аққожиннің айтуынша, ауылдан кетерде есік пен гараждың есігін көбікпен бекітіп кеткен.

"Үш күннен кейін қайықпен келіп, үйді қарап, сол кезде түсірілген видео ғой тарап кеткен.

Бұл идея аяқасты ойыма келді. Еш жерден оқымадым. Алдын ала дайындалмадым. Себебі су кенеттен келді үйімізге. Бар ойым үйімді сақтап қалу болды", - дейді Мағжан Аққожин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082233-bul-ideya-ayaq-astynan-oiyma-keldi-batysqazaqstandyq-uiin-montaz-kobigimen-sudan-saqtap-qalgan/