Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Шымкентте арнайы операция өткізді

Опубликовано:

Арнайы операция
ҰҚК арнайы операция өткізді. Фото: ҰҚК

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы орган мәліметінше, Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастыруда күдікті шетелдік азамат ұсталды.

"Ауыр жүк көлігін тексеру барысында Cola сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді. Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80 пайыздан асатыны анықталды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

ҰҚК баспасөз қызметі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082278-uqk-symkentte-arnaiy-operaciya-otkizdi/

pixel