Министрліктің жоғары лауазымды шенеунігі жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Антикор ресми өкілі Данияр Биғайдаров бүгінгі өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігінің жоғары лауазымды шенеунігі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ресми өкіл Данияр Биғайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі, оның ішінде жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Агенттік Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Олар 2021-2024 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерінен жалпы қамқорлық үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу соты күдіктіге қатысты электронды білезікпен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді спикер.
Оның айтуынша, күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазір тергеу амалдарына қатысып жатыр.
"Қазір қылмысты тергеуге басқа тұлғалардың қатыстылығы анықталып, тергеу жалғасуда", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082299-ministrliktin-zogary-lauazymdy-seneunigi-zemqorlyqqa-qatysy-bar-degen-kudikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.