Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде әскерге шақырылған жігіт комиссариат қызметкерлерінен қашып кеткен (видео)

Опубликовано:

Әскерге шақырылған жігітті күштеп ұстамақ болған ер адамдар
Әскерге шақырылған жігітті қстау сәті. Видеодан кадр: instagram.com/aqtobe_sergek

Желіде Ақтөбеде екі адам әскерге шақырылған азаматты күштеп ұстауға әрекеттеніп жатқан видео тарады. Бұл жайтты Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан жай киім киген екі ер адамның батут орталығының залында жас жігітті күштеп сүйрелеп бара жатқанын көруге болады. Жігіт қатты қарсыласады.

"Екі ер адам жас жігітті әскерге алып кетпекші болды, бұл қаншалықты заңды? Әйелдер жас жігітті әскерге күштеп шақырудан қашып кетуге көмектесті", - делінген видео астындағы жазбада.

Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

"Бұл әрекеттер әскери комиссариат қызметкерлерінің заң талаптарын өрескел бұзуы болып саналады. Әскери комиссариат шақырылушыға шақыру қағазын ғана бере алады, ал себепсіз келмеген жағдайда әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтыра алады. Әскери комиссариат қызметкерлері әскер жасындағы әскерге шақырылушыларды көшеден күштеп алып кетуге құқығы жоқ!" - деп жазады пікір білдірушілердің бірі.

Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті видеоға Алға аудандық қорғаныс істері департаменті қызметкерлерінің әскерге шақырылған азаматты ұстауға әркеттеннуі түсірілгенін растады.

"2024 жылғы 9 сәуірде көктемгі шақыру кезінде Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері "Скай парк" батут орталығында жұмыс істейтін 2003 жылы туған әскерге шақырылушыға шақырту қағазын тапсыруға барған, бірақ әскерге шақырылушы оны қабылдаудан бас тартты. Оны жиналу пунктіне мәжбүрлеп жеткізу үшін "102" арқылы полиция қызметкерлерін шақырған соң ол өзіне назар аудартып агрессия көрсетіп, айқайлай бастады", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ жігіттің батут орталығының басқа қызметкерлерінің көмегімен қорғаныс бөлімі қызметкерлерінен қашып үлгергені айтылды.

"Бұл әскерге шақырылушы азамат бір жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген, ол бірнеше рет алдап шақырту комиссиясынан өтуден жасырынып жүрген, оның ішінде полиция қызметкерлерінен де", - деп түсіндірді департаментте.

Ведомство өкілдері көктемгі әскерге шақырудың орындалмай қалуына жол бермеу мақсатында облыстық қорғаныс басқармалары (бқлімшелері) хабарлау, сондай-ақ шақырту пунктеріне келуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082314-aqtobede-askerge-saqyrylgan-zigit-komissariat-qyzmetkerlerinen-qasyp-ketken-video/

pixel