Қазақстанда сегіз жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
"Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082506-qazaqstanda-segiz-zana-kasibi-mereke-paida-boluy-mumkin/