Рим Папасы су тасқынына байланысты Қазақстан халқы үшін дұға жасауға шақырды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін жалпы аудиенция кезінде Рим Папасы Франциск еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқы үшін дұға етуді өтінді. Бұл туралы Vatican News сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Елдің көптеген аумағын қамтыған және мыңдаған адамды үйін тастап кетуге мәжбүр еткен ауқымды су тасқынына байланысты осы кезеңде Қазақстан халқына рухани жақындығымды жеткізгім келеді.
Барлығын осы табиғи апат салдарынан зардап шеккендер үшін дұға жасауға шақырамын", - деді Рим Папасы Франциск.
Еске салайық, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, су тасқыны кезеңі басталғалы Қазақстанда 96 472 адам құтқарылды, оның 31 640-ы бала. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру орталықтарында 7605 адам болса, оның 3474-і бала.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082551-rim-papasy-su-tasqynyna-bailanysty-qazaqstan-xalqy-usin-duga-zasauga-saqyrdy/