Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік өкілдері су тасуы мүмкін өңірлерді атады

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқыны. Көрнекі сурет: Edith Polverini/Getty Images

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдің қай өңірлерінде су тасқыны қаупі барын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мамандарының мәліметінше, қазіргі уақытта еліміздегі су қоймаларындағы жағдай мынадай:

  • Қостанай облысында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Су қоймаларына су ағынының төмендегені байқалады. Ал екі ірі су қоймасының орташа толуы 92 пайыз. Бүгінгі таңда су қоймаларында 489 миллион текше метр су жиналды. Бұл су ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
  • Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100 пайызға толды. Сергеев су қоймасы бойынша су тасқынының белсенді кезеңі әлі өткен жоқ, тұрақты күрделі жағдай сақталады. Қазсушар мамандары ағынды реттеу бойынша тәулік бойы жұмыс жүргізіп жатыр.
  • Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы орташа есеппен 68 пайызға толды. Жайық өзенінде су тасқынының екінші толқыны күтілуде.
  • Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 84,6 пайыз. Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларына судың ағыны жанама салалар есебінен артып келеді. Осы аптада су тасқыны күтілуде.
  • Ақмола облысының екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 99 пайыз, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі жалғасуда, сағат сайын мониторинг жүргізіледі.
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 98 пайызға толы. Аймақта су тасқыны аяқталып, жағдай тұрақталды. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 218 миллион текше метрден астам су жиналды. Алдағы уақытта жиналған су ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін пайдаланылады.
  • Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы 100 пайызға толды, облыста су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 192 миллион текше метрден астам су жиналды. Бұл су ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
"Сондай-ақ қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Батыс Қазақстан облысында жүр", - дейді министрлік өкілі.

Министр су қоймаларында тасқын суларды қауіпсіз өткізу және еріген қар суын жинау жұмыстарын қадағалайтыны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082629-ministrlik-okilderi-su-tasuy-mumkin-onirlerdi-atady/

pixel