Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қылмыстық топ құрған күдікті Әзербайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды (видео)

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан азаматы ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оның қызметіне басшылық етті деген күдікпен Әзербайжаннан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Күдікті Бас прокуратура және Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ұсталған.

"2016-2018 жылдары аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелумен айналысқан, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған қылмыстық топты тікелей басқарды. Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген", - делінген хабарда.

Ведомство мәліметінше, күдікті тергеуден жасырынып, оған халықаралық іздеуге жарияланды.

"Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының оны ұстап беру туралы сұрау салуы қанағаттандырылды.

Қазіргі уақытта ол Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облысының соты осы ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне қатысы бар 12адамды түрлі жазаға соттады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082791-azerbaizannan-qylmystyq-toptyn-bassysy-ekstradiciyalandy/

pixel