Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрінен кешірім сұраймын": Байжанов сотта Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша куәлік беруді бастады

Жарияланған күні:

Бақытжан Байжанов сот отырысында
Бақытжан Байжанов сот отырысында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотта Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов сөз алды. Ол сөзін бастар алдында барлығынан кешірім сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қайғылы оқиға ауыр тиген барлық жанға шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – ауыр қайғы. Салтанаттың отбасына көңіл айтамын. Менің сөздерім дәл қазір орынсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ шын қайғырып, уайымдаймын. Өйткені мен Салтанатты жақсы білетінмін.

Ең алдымен, бәрінен, отбасымнан, Салтанаттың туыс-достарынан, ата-анамнан, әйелімнен, балаларымнан кешірім сұраймын. Менің мойныма жүктелетін жауапкершілікті толық түсінемін. Сол күнгі жағдайды толық түсініп, бағалай алмағаныма қатты өкінемін, менің істегендерім мен әрекетсіздігім енді жаңа қырынан көрініп жатыр", - деді Байжанов.

Байжанов сол күні мейрамханаға бірінші рет кіргенде Салтанатты көзінің қиығымен ғана көргенін айтты.

"Иә, мен Салтанаттың сол жақ көзі ісіп, олар отырған бөлменің астаң-кестеңі түскенін көрдім. Дәретхананың есігінің бүлінгенін көрдім. Таңертең Гастроорталыққа келгенімде Бишімбаев екенін білдім. Бишімбаев түні бойы онымен жанжалдасып, ішімдік ішіп, тағы да Салтанатты ұрып-соққан.

Бұл туралы маған Гастроорталыққа келгенге дейін мейрамхана қызметкері айтты, мен ол кезде түсінбедім, қаншалықты Салтанатқа қауіп төніп тұрғанын білмедім. Бұл туралы ешқашан ойламадым. Бұл өмір мен өлім арасы екенін түсінбедім. Бұл ақталу емес. Бұл менің кінәм және мен қазір қатты өкінемін. Егер мұқият болсам, басқаша істеп, көмектесер едім деп ойлаймын", - деді Байжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082968-barinen-kesirim-suraimyn-baizanov-sotta-nukenovanyn-olimine-qatysty-is-boiynsa-kualik-berudi-bastady/