Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі: заң сенатта мақұлданды

Жарияланған күні:

Сенат отырысыдағы депутаттар
Сенат отырысындағы депутаттар. Фото: senate.parlam.kz

Бүгін, 11 сәуірде сенатта әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы кей заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды. Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені, ұрып-соққаны және суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң екінші оқылымда мақұлданды.

Сондай-ақ, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекске әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң сенат қаулысымен мақұлданды.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мақұлданған заңдар әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елімізде отбасы институтын нығайту үшін қосымша құқықтық тетіктер енгізгенін айтты.

"Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үнемі баса мән беріп келеді. Президентіміздің тапсырмаларын орындау үшін арнайы заңдар әзірленді. Атап айтқанда, мақұлданған заңдар әйелдер мен балалардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету және елімізде отбасы институтын нығайту үшін қосымша құқықтық тетіктер енгізіп отыр. Осыған орай мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыруға жауапты уәкілетті органның мәртебесін қолдау орталықтары және 111 байланыс орталығы сияқты үйымдардың құзыреттері заң деңгейінде белгіленеді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының әлеуеті де кеңейтілді. Заңдар аясында өмірде қиын жағдайға ұшыраған жағдайға ұшыраған жандарды қолдауға арналған ережелер де көзделген. Сонымен қатар әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнама қайта қаралып күшейтілді. Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені, ұрып-соққаны және суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді", - деді ол.

Сондай-ақ, мақұлданған заңдар аясында сот қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілей алады. Бұған қоса буллинг, кибербуллинг, балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Заңдар шеңберінде осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған өзге де ережелер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082977-senatta-aielderdin-quqyqtary-men-balalardyn-qauipsizdigin-qamtamasyz-etu-turaly-zan-maquldandy/