Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың інісі Салтанат Нүкенова көз жұмған күні не болғанын айтты

Опубликовано:

Бақытжан Байжанов сот отырысында
Бақытжан Байжанов сот отырысында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова көз жұмған күні Гастроорталықта не болғанын баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бақытжан Байжановтың сөзінше, 9 қарашада сағат 7.00-де Гастроорталық күзетшісі қоңырау шалып, ол Бишімбаев пен әйелі мас күйде кетпек болып, жол жиегіне бара жатқанын айтқан.

"Мен кілтті алып ал дедім, бұндай күйде көлік жүргізу қауіпті дедім. Сосын сағат 8:00-ден кейін әкімші Қарлығаш "Бишімбаев шу шығарып жатқанын, жұмысқа кедергі келтіріп жатқанын" хабарламамен жеткізді. Сол кезде Бишімбаев пен Салтанат мейрамханада түні бойы болғанын, жанжалдасқанын білдім", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жағдайға таңғалмаған, өйткені ол Бишімбаев пен Салтанаттың арасындағы "жанжалға үйреніп қалған".

"Салтанаттың денесі көгергенін бірнеше рет көрдім. Маған талай рет үйлерінденгі шкафтар мен есіктерді жөндеуге адам жіберуге тура келді. Қираған заттарды да өз көзіммен көргем", - деді Байжанов.

Байжановқа сағат 9:30-да Бишімбаевтың өзі телефон соғып, мейрамханаға келуін өтінген.

"Гастроорталыққа кірсем, VIP бөлмелердің бірінде жарық жанып тұрды, есікті қақтым, Бишімбаев есік ашты. Кірейін деп едім, бірақ ол рұқсат бермеді.

Одан алкогольдің иісі шығып түрды. Бишімбаев жалаңаш денесіне қара костюм киген. Көз қиығыммен қарағанда бұрышта отырған Салтанатты байқадым. Үстінде қара плащ, плащ жартылай ашық, басқа киім жоқ. Ұялып, бөлме жаққа қарамадым. Салтанат төмен қарап отырды", - деді Байжанов.

Бишімбаев одан көрпе әкелуді сұраған, Байжанов көрпе әкеліп бергенін айтты.

"Хаттамада уақыт кестесі бойынша 4 минут сол бөлмеде болды делінген. Бірақ мен көрпе бердім де, бөлмеге кірмедім. Камераға есік түспеген.

Видеода да есіктің өзі көрінбейді, сондықтан мен бөлмеде болды деген тұжырым қате. Көрпені беріп, есіктің жанында күтіп тұрдым. Бишімбаев мені шақырып, кететінін айтты", — дейді Бақытжан Байжанов.

Байжановтың сөзінше, оның Салтанаттың жағдайы соншалықты ауыр екенін көруге мүмкіндігі болмаған.

"Жедел жәрдем шақырып, дабыл қағуым керек еді", - деді Байжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082998-bisimbaevtyn-inisi-saltanat-nukenova-koz-zumgan-kuni-ne-bolganyn-aitty/

pixel