Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұндай масштабтағы адам жағдайды бақылауда ұстап отыр деп ойладым": Байжанов Бишімбаев туралы айтты

Жарияланған күні:

Байжанов пен Бишімбаев
Байжанов пен Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов сот отырысы барысында қайғылы жағдай болған күні не болғанын егжейлі-тегжейлі баяндап, экс-министрмен арақатынасы қандай болғанын ашып айтты. Ол министрлік басқарған адам жағдайды бақылауында ұстап отыр деп қатты сеніп қалғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байжанов Қуандық Бишімбаев барлығын бақылауда ұстайды деп есептегендіктен оның тапсырмаларын орындағанын айтты. Сөзінше, ол Бишімбаевты үлкен ағасы әрі беделді адам ретінде көрген.

"Мен оны аса ақылды, талай белестерді бағындырған азамат деп санадым. Ол министр болған адам. Бірақ мінезі ауырлау. Тез ашуға бой алып, басқа адамдардың сезіміне мән бермейтін. Ол маған да, қызметкерлерге де айқайлап тастай алатын. Онымен бірге жұмыс істеген аса қиын еді. Үнемі алаңдап жүресің. Десе де, мұндай масштабтағы адам жағдайды бақылауында ұстап, Салтанаттың денсаулығы сыр берсе міндетті түрді шара қолданатынына қатты сендім", - деді Байжанов.

Оның айтуынша, сол күні Бишімбаев өзін сабырлы ұстап, адамдармен кездесуді сенімді түрде жалғастыра берген. Сол себепті Байжанов та уайымсыз жүрген.

"Бишімбаев маған Салтанат ұйықтап жатыр деп айтқанда көріпкелдің айтқан сөздерін естіп қалдым. Ол "Салтанат демалып жатыр, оның миы шаршаған" деді. Осы жайттың барлығы менің уайымымды сейілтті. Мен ортақ залда жүрдім. Себебі Бишімбаев Салтанатқа қарап қоюымды өтінді. Бір-екі рет VIP бөлмеге кірдім. Салтанат әлі де диванда жатты. Сол кезде мен оны ұйықтап жатыр деп ойладым", - деді Байжанов.

Алайда бір сәтте Байжанов Салтанаттың жағдайы үшін алаңдай бастап, өздігінен таныс дәрігерге хабарласқан. Ол медицина қызметкерінен жеңгесінің не себепті ұзақ ұйықтап жатқанын білмек болған.

"Бишімбаев қоңырау шалайын деп жатқанымды білмеді. Менен "таныс дәрігерлер бар ма?" деп сұраған да жоқ. Мен өзім қоңырау шаламын деп шештім. Өз ұялы телефонымнан хабарласып, жағдайды сипаттап бердім. Оның "ұзақ ұйықтап жатқаны орынды ма?" және дәрігерден "мейрамханаға келе аласыз ба" деп сұрадым. Дәрігер жедел жәрдем шақыруға кеңес беріп, 40 мың теңге тұратын жеке жедел жәрдемді жіберуге ұсыныс білдірді", - деді сотталушы.

Байжановтың сөзінше, оның алғашқы медициналық көмек көрсетуден тәжірибесі болмаған.

"Мен дәрігерге бірнеше рет қоңырау шалып, пульс таппай жатқанымды айттым. Ол маған мойындағы пульсты тексеріп көру керектігін айтқанда ғана алғаш рет Салтанаттың мойнындағы жарақатты байқадым. Оған дейін Салтанатқа қатты жақындамағанмын", - деді ол.

Сонымен қатар Байжанов Бишімбаевтың жедел жәрдемге емес, көріпкелге хабарласқанына қатты таңғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083031-mundai-masstabtagy-adam-zagdaidy-baqylauda-ustap-otyr-dep-oiladym-baizanov-bisimbaev-turaly-aitty/