"Қазақы менталитетім араласуға мүмкіндік бермеді": Байжанов Нүкенованың жағдайын көре тұра неге әрекет етпегенін түсіндірді
Жарияланған күні:
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі екеуінің арасындағы жанжалға үйреніп кеткенін, оның көзі көгеріп жүргенін бірнеше рет көргенін, бірақ араласпағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Олар ұрысқан сайын үйді жинауға, сынған жиһаздарды қалпына келтіруге мені үйіне шақыратын. Содан мен білетінмін олардың ұрысқандарын. Өйткені үй шашылып жататын.
Салтанаттың көзі көгеріп жүргенін бірнеше рет көргенмін. Олардың сынған шкафтар мен есіктерді суретке түсіріп, жеберетінмін, олар жөндеп, орнатып беретін", - деді айыпталушы Бақытжан Байжанов.
Бишімбаевтың інісі "адам ретінде жаны ашығанын" екенін, бірақ отбасылық мәселеге араласпағанын айтты.
"Олардың үнемі жанжалдасатынын, Бишімбаевтың Салтанатқа қол көтеріп жүргенін көптен білетінмін, бірақ оған үйреніп кеткенім сонша, бұған тіпті таңғалмадым да.
Адам ретінде жаным ашитын, бірақ менің қазақы менталитетім, қазақы тәрбием мен сыпайы мінезім өзімнен әлдеқайда үлкен Бишімбаевқа жол көрсетіп, кеңес беруге, олардың отбасылық өміріне, қарым-қатынасына араласуға мүмкіндік бермеді", - деді Байжанов.
Айта кетейік, кезекті сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова көз жұмған күні "Гастроорталықта" не жағдай болғанын айтып берді.
Бұған қоса ол BAU мейрамханасының бейнебақылау камераларындағы бейнежазбаны не себепті өшіргенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083034-qazaqy-mentalitetim-aralasuga-mumkindik-bermedi-baizanov-nukenovanyn-zagdaiyn-kore-tura-nege-areket-etpegenin-tusindirdi/