Бишімбаев соты: VIP-бөлмеде болып жатқан жағдайды мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері көрген болуы мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов бүгін сотта берген жауабында Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні болған жайтты мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері көрген болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша жүргізіліп жатқан сотта келіншек қайтыс болған күні BAU мейрамханасына мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері барғаны мәлім болған еді.
Байжанов мейрамхананың VIP-кабинасында Нүкенова мен Бишімбаевтың арасында не жағдай болғанын сол адам көрген болуы мүмкін деп есептейді.
"Таңғы сағат 11.00 шамасында мейрамханаға президент күзет қызметінің қызметкері келді. Мен оны Бишімбаев пен Салтанат бар VIP-кабина орналасқан жалпы бөлмеде күтіп алдым. Оның қасында "Гастроорталық" әкімшісі болды. Қызметкер залды қарап шықты, содан соң қарама-қарсы орналасқан Talan Towers бизнес орталығының ғимаратына қарайтын балконға шықты. Ол сол ғимаратқа қарады.
Құрметті алқабилер, құрметті сот, VIP-кабинаның витраж терезесінің дәл жанында тұрды, оның пердесі толықтай ашық тұрған. Ол содан кабинаның ішіне көз салып, Бишімбаевты көрген болуы мүмкін.
Оның көрген-көрмегенін білмеймін, бірақ ештеңе айтқан жоқ. Шынымды айтсам, ол кезде мен бұл туралы ойламаппын да. Қазір темір тордың ар жағында отырып осыны ойлап отырмын", - деді Бишімбаевтың інісі.
Ол террасадан іште болып жатқан жағдай көрінбеуі үшін Бишімбаев VIP-кабинаның перделерін жауып тастаған болуы мүмкін екенін де айтты.
"Егер біреу шынымен Бишімбаевқа қылмыстың ізін жасыруға көмектескен болса, оған күзет қызметі қызметкерінің келгенін хабарлайтын еді.
Мен Бишімбаевқа не хабарлама жазған жоқпын, не телефон соққан жоқпын, оған мейрамханада президент күзетінен адам жүргенін айтқан жоқпын", - деді Байжанов.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова көз жұмған күні "Гастроорталықта" не жағдай болғанын айтып берді.
Бұған қоса ол BAU мейрамханасының бейнебақылау камераларындағы бейнежазбаны не себепті өшіргенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083061-bisimbaev-nukenovany-uryp-soqqan-satti-memlekettik-kuzet-qyzmetinin-qyzmetkeri-korgen-boluy-mumkin/