"Бишімбаев өзі жауап берсін": сенат спикері резонанс тудырған істен кейін мемқызметшілердің абыройы туралы айтты
Жарияланған күні:
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі Қазақстанның басқа мемлекеттік қызметшілерінің беделіне нұқсан келтірді ме деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы ол сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистер Қуандық Бишімбаев өз уақытында ұлттық экономика министрі болғанын ескере отырып, атышулы іс Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің беделін бұзды ма деп сұрады.
"Ол баяғыда министр болған, Бишімбаевқа қарап бүгінде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдар бойынша жалпылама бағалау жүргізу қажет емес деп санаймын. Мен бұл дұрыс болады деп ойламаймын. Бишімбаев еліміздің заңдарына сәйкес өз іс-әрекеттері үшін жеке өзі жауап берсін", - деді Мәулен Әшімбаев.
Оның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істеген адам бүгінде осы жүйеде жұмыс істейтін адамдар туралы қорытынды жасау дұрыс емес.
"Бұл жүйеде прогрессивті және лайықты адамдар жұмыс істейді", - деп сендірді ол.
Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев заңсыз некедегі жұбайын азаптап өлтірді деп айыпталып жатыр. Ол бұл айыппен келіспейтінін бірнеше рет мәлімдеген.
Еске салайық, "Параграф" мәліметіне сәйкес, Қуандық Бишімбаев 2016 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083085-bisimbaev-ozi-zauap-bersin-senat-spikeri-rezonans-tudyrgan-isten-keiin-memqyzmetsilerdin-abyroiy-turaly-oiyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.