Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Телефон ұстаған ер адам
Телефон ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау және Түркістан облыстарының әкімдері Нұрлан Ноғаев пен Дархан Сатыбалды мессенджер арқылы азаматтарға олардың атынан белгісіз біреулер хабарлама жіберіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Instagram-дағы парақшасында оның атынан әлдекімдер WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама жіберіп жатқанын ескертті.

"Бірнеше күннен бері WhatsApp мессенджерінен менің атымнан бірқатар азаматқа хабарламалар жіберілген", - деп жазады Сатыбалды.

Осыған байланысты ол Instagram және Facebook желісіндегі ресми аккаунттарын еске салды.

"Жеке телефонымнан және ресми аккаунттарымнан хабарламаларды өз нөміріммен, оны жасырмай жіберемін. Сондықтан егер сіз менің атымнан, менің фотосуретім бар нөмірден қоңырау немесе хабарлама алсаңыз, алайда, нөмір жасырылған болса, онда бұл – алаяқтар. Сіздерден сақ болуды сұраймын", - дейді әкім.

Мұндай хабарламалар Маңғыстау облысы әкімінің атынан да жіберіле бастағаны мәлім болды.

"WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреу жазып, өзін облыс әкімімін деп таныстырады.

Мұндай хабарламаларға сенбеуіңізді және күмәнді сілтемелерге кірмеуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ мұндай хабарламаларға жауап бермеуге және ештеңе жібермеуге кеңес береміз", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мессенджердегі хабарлама скриншоты
Мессенджердегі хабарлама скриншоты. Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083346-mangystau-zane-turkistan-oblystarynyn-akimderi-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/