Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тырысқақ ауруына байланысты үндеу жасады

Опубликовано:

Дәрігер
Дәрігер. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға тырысқақ ауруына байланысты үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның сайтына жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) бару кезінде мынадай кеңес береді:

  • ⁠қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
  • ⁠әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
  • ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;
  • ⁠жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;
  • тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
  • ⁠тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;
  • аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083442-densaulyq-saqtau-ministrligi-qazaqstandyqtarga-tyrysqaq-auruyna-bailanysty-undeu-zasady/

pixel