Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

100 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген: ТЖМ су тасқыны жағдайы бойынша соңғы деректер ұсынды

Жарияланған күні:

Су көпірді бұзып ағып жатыр
Ақтөбе облысындағы жағдай. Фото: primeminister.kz

ТЖМ елдегі су тасқыны жағдайына қатысты тың ақпарат ұсынды. Ведомство берген ақпаратқа сай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы әлі де су астында, деп хабарлайды министрліктің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрлік сайтындағы ақпарат бойынша еліміздің су тасқыны қаупі бар өңірлеріне басқа өңірлерден ТЖМ-нің қосымша күштері мен құралдары жіберілген.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Бұланды,  Сандықтау және Астрахан аудандарында Боқсық, Жабай, Аршалы, Сарқырама өзендерінде  мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Зардап шеккен өңірлерге 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 563 жеке тұрғын үй, 563 аула аумағы су астында. Бірлескен күштермен 9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,6 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. 3 052 тұрғын үй мен 1 935 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны басталғалы бері 99 869 адам, оның ішінде 36 591 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 2 960  адам, оның ішінде 935  бала құтқарылды. 9 343 адам үйлеріне оралды.  Уақытша орналасу пунктеріне 6 586 адам, оның ішінде 3 197 бала орналастырылды. 98 106 мал қауіпсіздік жерге айдалды. "Жедел желі" телефонына 1 350 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға психологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 107 автожол, су шайған 116 автожол, оның ішінде 9 көпір және 107 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 66 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ақмола облысында қардың тез еруі және Жабай, Боқсық, Жолболды, Қалқұтан өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Атбасар ауданының Атбасар қаласында, А.Құрманов, Шуйское, Борисовка, Тимашевка ауылдарында, Бұланды ауданының Журавлевка, Ивановка, Капитоновка ауылдарында, Астрахан ауданының Қалқұтан станциясы, Ескi Қалқұтан, Жаңатұрмыс ауылдарында 294 жеке тұрғын үй су астында қалды, 475 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды, 756 үй жануары және құстары қауіпсіз жерге айдалды. Су бұру және сору жұмыстары жүргізілуде. Су басқан үйлерді есептеу және адамдарды эвакуациялау жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының Боголюбово ауылында жауын-шашынның көп түсуіне және Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 18 жеке тұрғын үй мен 4 аула аумағы су астында қалды. 14 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды, олар туыстарына орналастырылды.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 34 272 адам, 3 790 бірлік техника, 762 су сору және 200 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083607-100-mynga-zuyq-adam-qauipsiz-zerge-kosirilgen-tzm-su-tasqyny-zagdaiy-boiynsa-songy-derekter-usyndy/