Министрлік сібір жарасы бар су басқан жерлеу орындарын тексеру қорытындысын жариялады
Жарияланған күні:
Ауыл шаруашылығы министрлігі су басқан өңірлердегі ахуалды баяндады. Ведомство мәліметінше, сібір жарасы ауруын жұқтырған мал көмілген орындардан сынамалар алынып, зерттеу жүргізілген.
Министрлік ақпаратынша, еліміздің су басқан 3 облысында 10 сібір жарасы ауруының көмілген орны бар. Барлық учаскелерден топырақ сынамаларын алу үшін ветеринария және медицина мамандарынан тұратын арнайы жұмыс топтары жіберілген.
"Әрбір сынама бойынша Республикалық ветеринариялық зертханада және Ұлттық ветеринариялық референттік орталықта ПТР зерттеулері және бактериологиялық зерттеулер жүргізілді.
Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша сібір жарасының болуы анықталмады. Яғни, жер бетіне сібір жарасының спораларының шығуы болған жоқ, эпизоотиялық жағдай тұрақты.
Сондай-ақ барлық өңірлерде сібір жарасы, қарасан, аусыл және басқа да аса қауіпті ауруларға қарсы жоспарлы егу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді", - деді Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы Ерлан Тасболатов.
Осы ретте ведомство өңірлерде ауыл шаруашылығындағы су басу жағдайы министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083979-ministrlik-sibir-zarasy-bar-su-basqan-zerleu-oryndaryn-tekseru-qorytyndysyn-zariyalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.