Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалды
Жарияланған күні:
Атырау облысында 4 мұнай ұңғымасы су астында қалды. Өңірдегі жағдайды ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері баяндады, деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ресм сайтында, Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалғаны хабарланды:
- "Шығыс Уаз" кен орнында 3 ұңғыма бар: №101, №106, №116 ("Ембімұнайгаз"АҚ "Қайнармұнайгаз" Мұнай-газ өндіру басқармасы) – бөгеттің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгілуде, сондай-ақ Сағыз өзеніне суды НБ-50 сорғымен айдау жұмыстары жүргізілуде (4 адам және 2 арнайы техника жұмысты жалғастыруда);
- "Жаңа Мақат" кен орнында 1 ұңғыма – № Е7 ("5А Ойл" ЖШС) – үйінділерді салу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Аталған ұңғымалар уақытылы қуатсыздардырылды және тығыздалды.
"Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда", - делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084054-atyrau-oblysynda-4-ungyma-su-astynda-qaldy/