jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалды

Атырау облысы
Атырау облысы. Фото: gov.kz

Атырау облысында 4 мұнай ұңғымасы су астында қалды. Өңірдегі жағдайды ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері баяндады, деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ресм сайтында, Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалғаны хабарланды:

  • "Шығыс Уаз" кен орнында 3 ұңғыма бар: №101, №106, №116 ("Ембімұнайгаз"АҚ "Қайнармұнайгаз" Мұнай-газ өндіру басқармасы) – бөгеттің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгілуде, сондай-ақ Сағыз өзеніне суды НБ-50 сорғымен айдау жұмыстары жүргізілуде (4 адам және 2 арнайы техника жұмысты жалғастыруда);
  • "Жаңа Мақат" кен орнында 1 ұңғыма – № Е7 ("5А Ойл" ЖШС) – үйінділерді салу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Аталған ұңғымалар уақытылы қуатсыздардырылды және тығыздалды.

"Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда", - делінген ресми хабарламада.

Атырау облысында 4 ұңғыма су астында қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.