Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда полицейлер су тасқынында қалған күзетшіні құтқарды (видео)

Опубликовано:

Қайық
Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда полицейлер су тасқыны аймағында қалған қарт күзетшіні құтқарды. 64 жастағы қала тұрғынын күзет агенттігінің директоры эвакуациялауға үлгермей қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Содан кейін ер адам айналма жолда кезекшілік атқарып тұрған полицейге жүгінген. Ал полицей ақпаратты Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығына баяндап береді.

"Су қарқыны қатты болды, әр минуттық кідіріс адам өміріне қауіп төндірді. Полиция басқарма бастығы қызметкерлерімен және Заречный кентінің ауданындағы тәртіп сақшыларының қайығымен сол жерге жетті.

Полиция қызметкерлері күзетші құтқаруды күтіп тұрған қақпаға дейін жүзіп, оны жағаға аман-есен жеткізді. Құтқару шарасы шамамен 8 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде су деңгейі кем дегенде 4 метрге дейін көтерілді", - деп мәлім етті полиция баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084114-petropavlda-policeiler-su-tasqynynda-qalgan-kuzetsini-qutqardy-video/

pixel