Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны: өңірлерден 100 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Елімізде су тасқыны басталғалы бері өңірлерден 102 мың 328 адам эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынының қазіргі ахуалын хабардар етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Министрлік мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Сандықтау ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Жабай, Есіл, Сарқырама өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар зардап шеккен өңірлерге 1,1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ал Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы су астында қалған. Бірлескен күштермен 9,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,7 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

"Су тасқыны басталғалы бері 102 мың 328 адам, оның ішінде 37 мың 537 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 246  адам, оның ішінде 1 068  бала құтқарылды. 10 120 адам үйлеріне оралды.  Уақытша орналасу пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148бала орналастырылды. 102 156 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. "Жедел желі" телефонына 1 532 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 98 автожол, су шайған 107 автожол, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 73 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазіргі уақытта Ақмола облысының Боқсық, Қалқұтан, Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бұланды ауданының Журавлевка ауылында, Астрахан ауданының Жаңатұрмыс, Қалқұтан, Ескi Қалқұтан, Ягодное ауылдарында 73 жеке тұрғын үй, Жақсы ауданының Қима және Алғабас ауылдарында, Атбасар ауданының Самара ауылында 8 аула аумағы су астында қалды. 136 адам алдын ала эвакуацияланған. Олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты Қызылжар ауданының Тепличное, Надёжка ауылдарында 61 жеке тұрғын үй су астында қалды.  Сонымен қатар Бәйтерек, Бескөл, Кривозёрка елді мекендерінен тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. 

Ақтөбе облысында Торғай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты әуе кемесімен Мамыр және Нұра елді мекендерінен Ырғыз ауылына тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 233 адам, оның ішінде 131 бала эвакуацияланды. Мамыр ауылының айналасындағы құмнан жасалған қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты 10 аула аумағы су астында қалды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда", - деп жазды министрлік өз сайтында.

Су тасқыны
Су тасқыны. Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084156-su-tasqyny-onirlerden-100-mynnan-asa-adam-evakuacialandy/