jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстан Қазақстанға тағы гуманитарлық көмек жіберді

Жүк көлігі Қырғызстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек әкеле жатыр
Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігі. Фото: ҚР ТЖМ

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін "Жәрдем керуені" атты гуманитарлық жүктің екінші партиясын жөнелтілгенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, гуманитарлық жүкке қырғызстандық сүт өнімдері тиелген. Атап айтқанда, 10 мың литр айран, 14,2 мың қорап қаймақ, 10 мың литр сары май мен өсімдік майы, 20 тонна голланд ірімшігі, 80 тонна майсыздандырылған құрғақ сүт.

"Жүкті жинауға қырғызстандық тұрғындар көмектесті, Президенттің резервтік қорынан қосымша қаражат бөлінді", - деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Қазақстанға Қырғызстаннан гуманитарлық жүк келді. Жамбыл облысына 300 тонна жүк тиеген 15 жүк көлігі келді. Жүк Қазақстанның төрт облысына бөлінген еді.

Қырғызстан Қазақстанға тағы гуманитарлық көмек жіберді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.