Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда жоғалған тағы бір ер адамның денесі су астынан шығарылды

Опубликовано:

Құлсары
Құлсарыдағы эвакуациялау сәті. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Құлсарыда 14 сәуірде сағат 13:40-та ТЖД күштерімен 2000 жылы туған жігіттің денесі өз тұрғын үйінен 1 км қашықтықта 1,5 метр тереңдікте су астынан табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1976 жылы туған әкесі мен 2000 жылы туған баласы бірге су басқан үйін көруге барған болатын.

Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына қарамастан іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 40 жеке құрам, 1 техника, 6 бірлік жүзу құралы жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырды.

Айта кетейік, Құлсарыда 14 сәуірде таңғы сағат 9-дар шамасында ТЖД күштерімен және тұрғындардың көмегімен жоғалған ер адамның денесі табылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084546-qulsaryda-su-tasqynyna-zogargan-tagy-bir-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel