Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран мен Израиль қақтығысы: рейстер туралы Азаматтық авиация комитеті үндеу жасады

Опубликовано:

Түркия мен әуе байланысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Египет, Сириядағы күрделі саяси жағдайына байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұл жағдайға төнген қауіп дәрежесіне бағалау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларына осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қазақстандық әуе компаниялары жоғарыда аталған елдердің әуе кеңістігін айналып өту мақсатында рейстер кестесін қайта қарауда.

Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялары ағымдағы жағдайды мұқият қадағалауда және қажет болған жағдайда кестелеріне өзгерістер енгізеді деп мәлімдеді

"Эйр Астана әуекомпаниясының Астана-Дубай бағыты бойынша КС - 205 және Алматы-Дубай бағыты бойынша КС - 897 рейстері бүгін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де ұшуға жоспарланған.

Qatar Airways әуекомпаниясының Доха-Алматы-Доха бағыты бойынша ағымдағы жылдың 13 және 14 сәуірінде орындалуы жоспарланған QR - 389/390 QR - 391/392 рейстері қазіргі уақытта белгісіз уақытқа дейін кешіктірілді.

Қазіргі уақытта әуе компания рейстерді орындау бағытын өзгерту мәселесін қарастыруда. Жолаушыларға қолданыстағы заңнамада көзделген қызметтер көрсетілуде.

Жолаушылар рейстердің мәртебесін ресми сайттарда немесе әуе компаниялардың байланыс орталықтары арқылы бақылауы қажет. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық авиация саласының басты басымдығы болып саналады", – делінген комитет таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084570-iran-men-izrail-qaqtygysy-reister-turaly-azamattyq-aviaciya-komiteti-undeu-zasady/

pixel