Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі мектептердің бірінде 6 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған

Опубликовано:

Ақша толы конверт ұстап тұрған адам
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте прокуратура тексеру барысында қалалық мектептердің бірінде 6 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады.

Ведомство ақпараты бойынша, 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектебінде биылғы жөндеу жұмыстарын жүргізуге әрі ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен ақша бөлінген.

Сондай-ақ 2 қызметкерге жұмыс істемегеніне қарамастан ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, аталған қызметкерлер өлі жандар екені анықталған.

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Ведомство өкілдері Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабы бойынша өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084816-symkenttegi-mektepterdin-birinde-6-mln-tengeden-astam-byudzet-qarazaty-zymqyrylgan/