Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сотқа құрметсіздік": Бишімбаевтың соты қорғаушының әрекетіне байланысты үзілді

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты
Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаты. Фото: t.me/Jogargy_sot

Бүгін бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Судья Айжан Кұлбаева адвокаттың әрекетіне байланысты сот отырысын "Сотқа құрметсіздік көрсетті" деп тоқтатты, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот отырысында бірнеше рет процесстің "біржақтылығы" мен "қорғау құқықтарының бұзылуы" туралы ескертулер мен қарсылықтарды айтты. Алайда оның қарсылығы қабылданбады.

Кейін сотталушы Қуандық Бишімбаев інісі Бақытжан Байжановтың берген айғақтарына түсініктеме бермек болып, судьядан ескерту алды.

Сот отырысының екі сағаты өткенде судья Айжан Құлбаева сот отырысында үзіліс жасады.

"Сот сот отырысында судьяны бірнеше рет құрметтемегені үшін қорғаушы Ғазымжановқа қатысты жеке ұйғарым шығару туралы мәселені талқылау қажет деп санайды. Осы себепті сот кеңес бөлмесіне кетеді", - деді судья Айжан Құлбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084927-sotqa-qurmetsizdik-bisimbaevtyn-soty-advokattyn-areketine-bailanysty-uzildi/