Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзін ауылдың баласы етіп көрсетеді": Бишімбаев інісі Байжановтың бопсалауына тап болғанын айтты

Опубликовано:

Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев
Айыпталушылар Байжанов пен Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановтан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Байжановтың айтуынша, Бишімбаев оны сотта өзі үшін қолайлы ақпарат беруге мәжбүрлеп, қысым көрсетуде. Алайда бұрынғы ұлттық экономика министрі бұл жайтты жоққа шығарып отыр. Ол інісі Байжанов бүгінде оны бопсалап жүргенін жеткізді.

"Байжанов бәрін бұрмалап жатыр. Уақытша ұстау изоляторына түскен кезімнен бастап, ол қаржылық құжаттарымды бермей, мені бопсалап жүр. Менің анам Sensata тұрғын үйіндегі пәтерге ақша құйған болатын. Байжанов сол жерде жұмыс істеген. Қаржы құйылғанын растайтын келісімшарт бар. Ол бойынша анам бұл мүлікті алу керек еді. Кезінде Байжанов осы жобамен айналысқан болатын.

Жәбірленуші (ред. Салтанаттың ағасы) жеңілдік бойынша жүгінгенде бұл жағдайды реттеуді Байжановқа тапсырғанмын. Құжаттар Байжановта қалды. Менің отбасым пәтерге де, қойылған келісімшартқа да заңды түрде иелік ете алмай отыр. Жұмысын жақсы атқарса Байжановқа пәтерді өз бағасына беремін деп уәде еткенмін. Бес ай бойы ол мені бопсалап, VIP бөлмеге бірнеше мәрте кіргенін айтпауымды сұрады", - деді Бишімбаев.

Экс-министр Салтанат Нүкеноваға мүсәтірді әкелген де Байжанов екенін айтты.

"Мүсәтірді VIP бөлмеге әкеліп, оны алып кеткен де Байжанов еді. Мен оны қолдану да білмеймін. Ол бөлмеде 5 минут болды. Бес ай бойы мен одан құжаттарды талап еттім. Алайда ол мен жауабымды өзгертсем ғана қайтарып беретінімді айтты. Ол үшін мен өз жауаптарымнан Байжановтың мүсәтірді алып кіріп, VIP бөлмеде 10 минут болғанын, Нүкенованың ұйықтап және қорылдап жатқанын көргенін алып тастауым керек еді. Ол өзін ауылдың баласы етіп көрсетеді. Бірақ менен сол пәтерді талап етіп, бопсалап жүр", - деді Бишімбаев.

Айта кетерлігі, Бишімбаев бұған дейін берген жауаптарында Салтанатқа мүсәтірді өзі иіскеткенін айтқан болатын. Бұл жайтты мемлекеттік айыптаушы айтып өтті.

"3 сәуір күні сіз Байжанов мүсәтірді әкеп бергенін айтып, одан қалай қолдану керектігін сұрағаныңызды айттыңыз. Ол дәрігер дәкеге сеуіп, иіскеткізу керек екенін айтты. Сіз "Дәкеге сеуіп, оған иіскеттім. Бірақ ол оянбады" дедіңіз", - деді прокурор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084930-ozin-auyldyn-balasy-etip-korsetedi-bisimbaev-inisi-baizanovtyn-bopsalauyna-tap-bolganyn-aitty/