Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені камерадан шығарып алды": Байжанов изолятордағы қысым туралы айтты

Опубликовано:

Бақытжан Байжанов
Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/Jogargy_sot

"Гастро орталықтың" директоры Бақытжан Байжанов сот отырысы барысында уақытша ұстау изоляторында өзіне қысым көрсетілгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Сіз уақытша ұстау изоляторында Бишімбаевтың тарапынан қысым болғанын айтқан болатынсыз. Сізге бөгде адамдар келегін рас па? Олар кімдер? Сізге не туралы айтты?", - деп сұрады Байжановтың қорғаушысы.

"Маған төрт мәрте Бауыржан Мусин келді. "Отбойдан" кейін мені камерадан шығарып алды. Мен оған барсам, қасында Бишімбаев тұр екен. Ол кездесуді ұйымдастырғысы келген. Мен бірден бұрылып, кетіп қалдым. Изолятор әкімшілігіне маған енді келмеуін айттым. Себебі мен де, менің қорғаушыларым да бұл жөнінде сұраған емеспіз. Бірақ ол сонда да 2-3 рет келіп, мені Салтанаттың отбасына қарсы қойғысы келді. Бауыржан Мусин деген кім екенін білмеймін. Бәрі оны қоғам белсендісі дейді", - деді сотталушы.

Байжанов бұл кездесулер уақытша ұстау изоляторында болғанын айтты. Айыпталушы ол жерде камералар мен бейнежазбалар бар екенін алға тартып, бәрін қайта қалыпқа келтіруге болатынын жеткізді. Ол кездесу қалай өткенін баяндап берді.

"Мен тыңдаған жоқпын. "Кездесу ұйымдастырғыларыңыз келсе, мен болмаймын" дедім де, кетіп қалдым. Қасында Бишімбаев тұрды. Мен бұрылып кете бардым. Бишімбаев тек бір рет қана тқрды. Қалған кездесулерде ол (ред. Бауырдан Мусин) өзі жалғыз болды. Ол мені Салтанаттың отбасына қарсы қойғысы келді. Сараптама оның мас болғанын көрсеткенін айтты" , -деді Байжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085008-meni-kameradan-sygaryp-aldy-baizanov-izolyatordagy-qysym-turaly-aitty/