Астанадағы Есіл өзенінде су деңгейі көтерілді
Жарияланған күні:
Астанадағы Есіл өзенінде су деңгейі 615 см-ге дейін көтерілді. Қалалық ТЖД өкілдері елордада су тасқыны жағдайы қалыпты екенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес қала аумағында орналасқан Есіл өзенінің гидропосттарында судың орташа деңгейі 615 см болды.
"Су деңгейінің шамалы көтерілуі температуралық фонның жоғарылауымен, су тасқыны кезеңінің басталуымен, Есіл өзенінің арнасындағы мұздың еруіне байланысты. Су тасқынының қауіпті деңгейі өтті", - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі уақытта Есіл өзенінің арнасындағы бүйірлік ағындардың (еріген қардан, мұздан) қысқаруы байқалуда, осыған байланысты жақын арада осы су айдынындағы су деңгейі төмендейді деп болжанды.
ТЖД өкілдерінің мәлімеиінше, Астана қаласы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, елордада тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басу қаупі жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085296-astanadagy-esil-ozeninde-su-dengeii-koterildi/