Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы немересімен бірге қазақ әніне биледі (видео)

Опубликовано:

Тедрос Гебрейесус
Тедрос Гебрейесус. Видеодан кадр: facebook.com/DrTedros.Official

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейюс қазақстандық әнші Ұланғасыр Қамиевтің әніне немересімен бірге билеп жатқан видеосын желіде жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейюс Instagram желісіндегі парақшасында немересімен бірге қазақстандық әншіҰланғасыр Камидің "Дискотека" әніне билеп жатқан видеосын жариялады.

"Немерем Каймен демалыс күндеріндегі би", - деп жазды Гебрейюс.

Еске салайық, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жиені Айдана ДДҰ басшысының ұлкен ұлына тұрмысқа шыққан.

"Кіші қызымның аты Ардақ, ол Алматыда тұрады. Оның қызы Айдана мектепте оқып жүргенде, мектепті бітірген соң Жаңа Зеландияға тіл үйренуге кетті. Кейін Швецария академиясына қонақ үй ісі мамандығы бойынша оқуға түсті. Содан кейін Испанияда магистратурада оқыды.

Төрт жыл бұрын ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейюстің үлкен ұлына тұрмысқа шықты. Қазір Айдананың қызы бар", – деген еді Жүрсін Ерман 2021 жылы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085317-duniezuzilik-densaulyq-saqtau-uiymynyn-bassysy-nemeresimen-birge-qazaq-anine-biledi-video/