Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның айыптауларына жауап берді

Опубликовано:

Назым ҚаҺарман
Назым ҚаҺарман. Видеодан кадр: instagram.com/nazymkakharman

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оның сотта берген жауаптарына қатысты пікір білдірді. Ол бұрынғы жолдасының "көлікті ұрлап кетті" деген айыптауларына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Күні кеше өткен сот отырысында Бишімбаев адвокаттардың сұрақтарына жауап беру барысында Байжанов өзін бопсалап жүргенін және бұрынғы әйелі Назым Қаһарманға көлікті ұрлап кетуге көмектескенін айтты.

"Мен Салтанатқа ары-бері жүріп-тұруына көлік берген болатынмын. Біз айырылысып кеткенде Байжановқа көлікті Алматыға апарып тастауды тапсырдым. Темір тұлпарды ұрлап кетті. Оны кім істегенін де білемін. Ол – менің бұрынғы әйелім. Байжановқа "Енді бұрынғы әйелім екеуің мені алдап, түрмеге отырғызып, менің бар мүлкімді бөліп алмақсыңдар ма?" дедім. "Сені Назым итермеледі ме? Ұялмайсың ба? Менің жағдайым мынау, ата-анам да ауыр жағдайда жүр. Сен иманды жігітсің, намаз оқисың. Бұл сен үшін де, сенің балаларың үшін де күнә болады ғой" дедім мен оған", - деді Бишімбаев.

Бишімбаевтың сөзінше, Байжанов Салтанат көз жұмған күні VIP бөлмеге кіргенін сотта айтпауын өтінген. Егер экс-министр бұл талабын орындаған жағдайда ол көліктің ұрланғаны жөнінде арыз жазып, бопсалап жүрген кейбір құжаттарды қайтарып беруге уәде еткен.

"Бұл – менің бұрынғы әйелімнің ісі. Ол ата-анамды бопсалап, оларға немерелерімен араласуға мүмкіндік бермейді. Назым қорғаушы (ред. сотталушы Байжановтың) қызметін де төлеп отыр", - деді Бишімбаев.

Экс-министрдің бұрынғы келіншегі Назым Қаһарман оның мәлімдемелеріне Instagram парақшасында жауап берді.

"Менің есімімді тағы да қаралады. Мен үнсіз қалмаймын. Бәрі қалай болғанын айтып беремін. 10-11 қараша күні ұлыммен, анаммен, әпкеммен және құрбыммен бірге Қуандықтың ата-анасына көңіл айтуға бардым. Біз ол жерден шок күйде шықтық. Себебі қазір Бишімбаев айтып жатқан нұсқаны олар сол кезде-ақ айтып отырды", - деді Назым.

Сөзінше, сол күні ол балалары үшін көлік сұраған. Назым Қаһарман болған жағдай балаларына қалай әсер ететініне алаңдап, үшеуін бір уақытта апаруға мүмкіндігі болмаған.

"Сыныптастарының, автобустағы адамдардың, такси жүргізушілерінің әрекеті қандай болатынын білмедім. Менің көлігім бар. Бірақ мен бір уақытта үшеуін бірдей апара алмаймын. Бұндай жағдайда балаларымды жалғыз тастағым келмеді. Желіде жағымсыз пікірлер толып кетті. Әрине, балаларыма қалай қолдау білдіріп, қалай көмектессем болады деп уайымдадым. Сол кезде көлік сұрағаным бар. Қуандықтың анасы көліктердің барлығы бос емес екенін айтты. Сөзінше, көліктер изоляторға тамақ апаруға, Қуандықты қорғау тәсілін құру үшін адвокаттарды ары-бері тасуға қолданылып жатыр. Мен қатты таңғалдым. Себебі менің ойымша бұл жағдайда қолмен істегенді мойынмен көтеріп, мойындаудан басқа ештеңе істеп керек емес", - деді ол.

Назым Қаһарманның айтуынша, ертесіне Қуандық Бишімбаевтың ата-анасымен мүлікке қатысты келіспеушілік болған.

"Біз ажырасқан кезде мүлікті бөлмегенбіз. Алайда Қуандық балаларының мектебін төлеп жүрді. Мен соған да риза болдым. Бірақ Қуандық адам өлтірді. Бұл дегеніміз – Қуандықтың өзінің өлімі десе де болады. Себебі бұл оқиғадан кейін мен оны ата-ана статусында қарастырмаймын да. Сол себепті біз қаржылық мәселені көтердік. Сол кезде Қуандықдың әкесі маған "Ақшадан өлгенсің" дегені бар. Иә бар ойым ақшада шығар. Бірақ менің үш балам бар. Ол кезде жастары, 14, 12, 10-да еді. Олардың болашағына алаңдаулымын. Қуандықтың әкесі қолымнан екі рет соғып жіберді. Оған менің қызым куә. Балаларыма ата-апасымен араласпа деудің қажеті де жоқ. Олар бәрін өз көзімен көріп, өз құлағымен естіді", - деді Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Назымның айтуынша, әкелері жақтан балаларға қолдау білдіруге келген жалғыз туысы Бақытжан Байжанов болған.

"Оны бұрыннан білеміз. Бақытжан балалар дүниеге келген сәттен бері маған көмектесті. Балаларым оны ерекше жақсы көреді. Сол кезде ол маған бәрін айтып берді. Қазір сотта айтып отырғанынан еш айырмашылығы жоқ", - деді Назым.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сол күні Байжановқа ата-енесімен арада болған мәселе жайында айтып берген. Байжанов өзінің атына аударылған Алматыдағы көлікті алуға ұсыныс білдірген. Бірнеше күннен кейін оған кілттерді берген. Алайда Байжановты қамауға алғандықтан уақытылы сенімхатты жасап үлгермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085419-bisimbaevtyn-buryngy-aieli-onyn-aiyptaularyna-zauap-berdi/

pixel