Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күндіз-түні көмектесіп жатыр": су басқан өңірлердегі әскери қызметшілердің суреті жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Жұмыс арасында тынығып отырған әскери қызметшілер
Әскери қызметшілер. Фото: instagram.com/modgovkz

Қорғаныс министрлігі ведомствоның желідегі ресми парақшасында су тасқынына қарсы жұмыс арасында тынығып отырған әскери қызметшілердің суретін жариялады. Фотосуреттер қазақстандықтардың көңілін босатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жанқияр жауынгерлердің дамылдаған сәті. Қарулы күштердің әскери қызметшілері табиғи апатқа тәулік бойы қарсы тұрып, су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесуде. Олар мыңдаған адам мен жануарларды эвакуациялап, қарғын суға тосқауыл болатын құм қапшықтарды қолмен қаптап жатыр", - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған жазбада.

Желі қолданушылары сарбаздарға ақ тілегін білдіріп білдіріпті.

"Жігіттер, сіздерге күш-қуат берсін!", "Жарайсыңдар!", "Мың болғырлар! Алла разы болсын!", "Айналайындар, аман болыңдар!".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085650-kundiz-tuni-tasqynnan-zardap-sekkenderge-komektesip-zatyr-demalyp-zatqan-askeri-qyzmetsilerdin-sureti-zurtty-suisintti/

pixel