Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда орындықта отырған әйелге шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ер адам орындықта отырған қызға шабуыл жасағалы тұр
Қызға тап берген ер адам. Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Алматыда көшелердің бірінше орындықта отырған әйелге күш көрсеткен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Өткен аптада желіде оқиғаның видеосы тарап кеткен еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін желіде ер адаморындықта отырған әйелге жақындап, шашынан ұстап, күшпен сүйремек болғаны түсірілген видео тараған болатын.

16 сәуірде Алматы соттарының баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік беріп, құқықбұзушы ұсталғанын хабарлады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен, физикалық ауырсыну тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау ретінде сараланған ұрып-соғу фактісі бойынша құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды

Сот өткен аптада азамат К. мас халде қаланың қарбалас көшелерінің бірінде орындықта отырған жәбірленушіні ұрып, жанжал шығарғанын анықтады. Құқықбұзушыны оқиға орнына жақын жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар тоқтатқан.

Құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс ұрып-соғу негізінде қаралды, ол денсаулыққа жеңіл зиян келтірмей, дене ауыруын тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау деп сараланады (Қылмыстық Кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі). Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтары).

Осылайша замат К. сот алдында жауап беріп, іс материалдарында мазмұндалған фактілерді растап, өз кінәсін мойындады.

"Сот қаулысымен К. денсаулыққа жеңіл зиян келтірместен, бірақ физикалық ауырсыну тудырған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау немесе ұрып-соғу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Нәтижесінде К. 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды", - делінген сот хабарламасында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085749-almatyda-oryndyqta-otyrgan-aielge-sabuyl-zasagan-er-adam-qamauga-alyndy/