Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тізеге дейін келеді": толассыз жаңбырдан кейін Алматы көшелерін су басты

Опубликовано:

Алматыда толассыз жаңбыр жауды
Алматы көшелері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда таңнан бері жаңбыр жауып тұр. Ауа райының қолайсыздығынан қала көшелерінде шалшық жиналып, қаланың кей аумақтарын су басқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматылықтар әлеуметтік желіде су басқан көшелер видеосын жариялап жатыр. Сонымен қатар Алматы маңындағы аудандарда түсірілген видеолар да пайда болды. Мәселен, Instagram-дағы kaskelenkz парақшасында Қаскелең қаласының тұрғыны жаңбыр суының салдарынан үйден шыға алмай қалғанын айтып берді. Ер адамның айтуынша, осыған байланысты балалар мектепке бармаған.

Аталған парақшада "Жаңбырдан кейінгі Алматы" деген жазуы бар видео шықты. Кадрларда адамдар тізесіне дейін келген суды кешіп жүр. Бұған қарамастан көліктер су басқан көше бойымен жүріп жатыр.

Тағы бір жарияланымда тұрғын қала көшелерінің бірін Үлкен Алматы өзенімен салыстырған. "Су ағатын арықтар қайда? Неге бұның бәрі көшеге құйылып жатыр", - дейді кадр сыртындағы дауыстың иесі.

Сондай-ақ желі қолданушылары суға толып қалған арықтардың видеосын бөліскен. "Сұмдық" деген дауыс естілген кадр сыртында.

Instagram-дағы @kris_p_akimat парақшасында Есентай өзенінің ағысы күшейгені көрсетілген видео да таралып жатыр.

Желіде Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысында да жауын суы көшелерді басқаны айтылады. Мәселен Instagram желісіндегі almatinec_life парақшасында:

"Райымбек - Әуезов. Жаңбыр қатты жауып тұрғандықтан, үйге кіріп-шыға алмай қалдық. Балалар сабақтан кейін үйге кіре алмай жатыр", - деген жазба пайда болды.

Сондай-ақ, тұрғындар қазір көше бойындағы шалшықтардан аяқ алып жүру мүмкін еместігін айтады.

Алматыда толассыз жаңбыр жауды
Алматы көшелері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Айта кетейік, 2GIS қосымшасы бойынша Алматыда сағат 14:00-дегі кептеліс 6 балдық деңгейді көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085773-tizege-deiin-keledi-tolassyz-zanbyrdan-keiin-almaty-koselerin-su-basty-foto-video/

pixel