Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халықаралық зорлық-зомбылық күні": әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратқандар анықталды

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Зорлық-зомбылық. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

TikTok және басқа да әлеуметтік желілерде "24 сәуір - Халықаралық зорлық-зомбылық күні" екені айтылған ақпарат таралып жатыр. ІІМ өкілдері ағылшын тіліндегі жазбадан тараған бұл хабарламаның жалған екенін ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы

Басылым мәліметінше, TikTok-та, сонымен бірге басқа да әлеуметтік желілерде "зорлау күні - бұл күні ер адамдар әйелдерге зорлық көрсете алады" делінген ақпарат тараған.

"Қазіргі уақытта "24 сәуір" туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағында таратқан TikTok желісінің екі қолданушысы анықталды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция Қылмыстық Кодекстің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертеді. Баптың санкциясымен 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу не болмаса бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 15 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085821-xalyqaralyq-zorlyq-zombylyq-kuni-aleumettik-zelilerde-zalgan-aqparat-taratqandar-anyqtaldy/

pixel