Су тасқынынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығын қалай өтеледі
Жарияланған күні:
Су тасқынынан зардап шеккендердің кредиттер бойынша төлемдері 3 айға кейінгі қалдырылып, оларға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы беріледі. Тағы қандай көмек берілетін туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды
Материалдық көмек:
- 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу
- жоғалған және/немесе бүлінген мүліктің өтемақысы су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматқа кредиттер бойынша төлемдер 3 айға, яғни 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымға дейін автоматты түрде кейінге қалдырылады;
- зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасқынының салдарына байланысты төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды;
- су тасқынының салдарынан кәсіптері шығынға ұшыраған барлық зардап шеккен жеке кәсіпкерге, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілеріне кредиттер бойынша
- төлемдер олар берген өтініштің негізінде кейінге қалдырылады;
- кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарында тиісті өтініштерді берудіңнақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдаудың тәртібі жарияланады. Қарыз алушылардың банктермен және МҚҰ-мен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін қашықтан өтініш беру сервисі іске асырылады.
2. Тұрғын үймен қамтамасыз ету:
- су тасқынынан зардап шеккендер қираған баспананың орнына дайын үй сатып алуға немесе жаңа тұрғын үй салуға қол жеткізе алады (әкімдікке хабарласу қажет);
- Егер мүлік қалпына келтіруге жарамды болса, онда ЖАО-ның мердігерлік ұйымдарымен немесе мүлік иесінің өз күшімен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көзделген (әкімдікке хабарласу қажет).
3. Ауыл шаруашылығы:
- Су тасқыны салдарынан мал басын жоғалтқан азаматтарға шығынды өтеу. Өтемақы мөлшерін нарықтық деректер негізінде залалды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия айқындайтын болады;
- Үкімет шаруалар мен мал иелеріне кредиттер мен лизингтік міндеттемелерді өтеуді кейінге қалдыру арқылы қосымша жәрдем көрсететін болады. Төлемдер кешіктірілген жағдайда оларға айыппұлдар салынбайды;
- Төлемді кейінге қалдыру шартымен мал иелерінің өтінімдеріне сәйкес "Азық-түлік корпорациясынан" жемшөпті жеткізу жөнінде. Тиісті өтінімдерді ресми түрде "Азық-түлік корпорациясына" немесе әкімдіктер арқылы жолдауға болады.
4. Шағын және орта бизнеске келтірілген зиянды өтеу:
- Су тасқынынан зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу тәртібі әзірленді,(жақын арада қабылданады).
- Шығындарды өтеуге жоғалған мүліктің (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар), тауарлық-материалдық құндылықтар,, зақымданған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны кіреді.
- Төлемдер мемлекеттік бюджет және өңірлердегі бюджеттен тыс қорлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Қазіргі уақытта облыстардың әкімдіктері мен "Атамекен" өңірлік палаталары зардап шеккен ШОБ субъектілерінің тізімін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, бағалаушы компаниялардың, ШОБ-қа қызмет көрсету үшін адвокаттардың тізбесін айқындайды, залалдың алдын ала сомасын жасайды.
- Зардап шеккен нысандар негізінен дүкендер, наубайханалар, шаштараздар, тігін цехтары, кафелер, жылыжайлар, қойма ғимараттары, шаруа қожалықтары және басқа да нысандар.
- барлық жұқпалы аурулар ауруханасы мен медициналық қызметкерлер дайын тұр. Жүкті әйелдер мен диспансерлік есептегі адамдар ерекше бақылауда. Дезинфекциялық және дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталуда. Оларды медициналық ұйымдардың базаларында және "СК-Фармацияның» өңірлік қоймаларында шоғырландыру жоспарланған;;
5. Әлеуметтік сала:
- Денсаулық сақтау:
- барлық жұқпалы аурулар ауруханасы мен медициналық қызметкерлер дайын тұр. Жүкті әйелдер мен диспансерлік есептегі адамдар ерекше бақылауда. Дезинфекциялық және дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталуда. Оларды медициналық ұйымдардың базаларында және
5. Әлеуметтік сала:
- Денсаулық сақтау:
- барлық жұқпалы аурулар ауруханасы мен медициналық қызметкерлер дайын тұр. Жүкті әйелдер мен диспансерлік есептегі адамдар ерекше бақылауда. Дезинфекциялық және дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталуда. Оларды медициналық ұйымдардың базаларында және "СК-Фармацияның" өңірлік қоймаларында шоғырландыру жоспарланған;
- 16 курортты-санаториялық ұйым анықталып, онда су тасқынынан зардап шеккендер тегін қабылданады. Тұтастай алғанда, бұл нысандар бір уақытта 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін созылады, бұл мүмкіндігінше зардап шеккендерді емдеу-оңалту шараларымен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясы республиканың 7 санаторийінде әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарды сауықтыру үшін 164 орын бөлді;
- 1 мамырдан бастап тұрғындарды тегін кәсіби медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін "Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылады. Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады.СК-Фармацияның» өңірлік қоймаларында шоғырландыру жоспарланған;
- 16 курортты-санаториялық ұйым анықталып, онда су тасқынынан зардап шеккендер тегін қабылданады. Тұтастай алғанда, бұл нысандар бір уақытта 190 адамды қабылдай алады, оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін созылады, бұл мүмкіндігінше зардап шеккендерді емдеу-оңалту шараларымен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясы республиканың 7 санаторийінде әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарды сауықтыру үшін 164 орын бөлді;
- 1 мамырдан бастап тұрғындарды тегін кәсіби медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін "Жәрдем" мамандандырылған медициналық пойызы іске қосылады. Су тасқыны жағдайын ескере отырып, зардап шеккен ауылдық елді мекендердің тұрғындары медициналық пойыз қызметтерімен қамтылатын болады.
6. Білім беру
- Эвакуациялау орталықтарына орналастырылған балалар оқу процесін жалғастыру үшін қашықтан оқыту форматына көшіріледі;
- эвакуациялау пункттеріндегі балалар мен олардың ата-аналары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыра отырып, жазғы лагерьлерге, жатақханаларға, мектептер жанындағы интернаттарға орналастырылды. Балаларды сауықтыру орталықтарына 600 бала жіберілді. 5-8 сынып оқушылары «Дарын», БИЛ, НЗМ мектеп-интернаттарына, жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар) - колледждер мен ЖОО жатақханаларына орналастырылды;
- Бұрын эвакуациялау пункттерінде болған 4,5 мыңнан астам бала тұрмыстық жағдайлары бар мекемелерге орналастырылды. Балалар мен олардың ата-аналары үшін шамамен 8 мың орын резерв дайындалды;
- Ақтөбе және Атырау облыстарындағы барлық студенттер үшін ағымдағы бақылау (БЖБ және ТЖБ) алынып тасталды;
- Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарында ағымдағы бақылауды (СОР және СОК) алып тастау туралы шешім жағдайды ескере отырып ішінара қабылданады;
- зардап шеккен аймақтардағы балалардың сауықтыру лагерлеріне тегін саяхаты ұйымдастырылды;
- Жалпы білім беру қорының қаражаты есебінен балаларды қажетті
- заттармен (киім, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтары) қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде;
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085899-su-tasqynynan-mal-basyn-zogaltqan-azamattarga-sygyn-qalai-oteledi/