Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір бағытқа 100 мың теңгеден басталады": Air Astana Атыраудағы билет бағасына қатысты жағдайды түсіндірді

Опубликовано:

ұшақ іші
Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Air Astana Атыраудан келетін ұшақтарға әуе билеттерінің қымбаттауына қатысты жағдайды түсіндірді. Бұған дейін желіде түрлі скриншоттар тараған болатын. Бұл жөнінде әуекомпанияның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Air Astana Атыраудан ұшатын рейстерде эконом-кластағы орындардың басым бөлігін жолаушылар екі апта бұрын сатып алғанын хабарлайды.

Air Astana тобы Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларына 9 сәуір мен 19 сәуір аралығында қосымша 40 рейс ұйымдастырды. Тұрақты рейстермен бірге жалпы 100-ден астам рейс орындалады.

Алайда су басқан аймақтардан ұшатын рейстерге сұраныстың өсуіне байланысты эконом-кластағы әуебилеттер тапшы. Осыған байланысты Air Astana тобы қосымша рейстерді ұйымдастыруды жалғастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда", - делінген әуекомпнаия өкілдері таратқан хабарламада.

Бұған қоса ресми ақпаратта әлеуметтік желілерде бұл бағыттардағы билет бағасының қымбаттағаны туралы скриншоттар таралып жатқаны айтылған.

"Әуекомпания бір жаққа 100 мың теңгеден басталатын билеттер көрсетілген скриншоттарда бизнес-класс билеттері немесе Станбұл / Франкфурт арқылы ұшатын рейстер ұсынылғанын ескеруіңізді сұрайды.

Әуекомпания мұндай скриншоттарды жариялау компанияның беделін түсіруге бағытталған деп санайды. Әуекомпанияның басшылығы және қызметкерлері қосымша рейстер мен гуманитарлық көмекті тегін тасымалдауды ұйымдастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Сондай-ақ, әуекомпания су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде бір млрд теңге аударып, қызметкерлер арасында гуманитарлық көмек жинауды ұйымдастырды", - делінген хабарламада.

Air Astana өкілдері әуекомпанияның сайтынан Атыраудан немесе Қазақстанның басқа қалаларынан тікелей рейстерге эконом-класс билеттерін таппаған жолаушылардан басқа күндерді таңдауды немесе әуекомпанияның Брондау және ақпарат орталығына хабарласуды өтінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086016-bir-bagytqa-100-myn-tengeden-bastalady-air-astana-atyraudagy-bilet-bagasyna-qatysty-zagdaidy-tusindirdi/

pixel