Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кене қаптай бастады

Опубликовано:

Кене
Кене. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда кене қаптай бастады. Наурыз айының басынан бері кене шаққан 135 адам дәрігерлерге жүгінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мамандардың телеарна тілшісіне хабарлауынша, "бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмен".

Кененің ең жоғары белсенділігі сәуір-мамыр айларында байқалады. Бірақ кенеге қарсы емдеу шаралары наурыз айынан бастап та жүргізіледі. Мамандар жақын күндері екі мың гектарға жуық аумақты алып жатқан тоғыз орман алқабында, жүз саябақ пен сквер аумағына дезинфекциялау жүргізеді.

Эпидемиологтар табиғат аясына шықпас бұрын қалың матадан тігілген жабық киім киюді ұсынады. Ал кене шаққан жағдайда медициналық мекемеге жүгіну қажет. Негізгі белгілері: дене қызуы көтерілуі, қалтырау, летаргия, жүрек айну және ісіну.

"Кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдістерінің бірі — кене энцефалитына қарсы вакцина. Екпе қала емханаларында тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізіледі. Кенеге қарсы екпе үш дозадан тұрады. Бірінші және екінші екпені қысқы айларда жүргізген дұрыс. Өйткені ағзада кене энцефалитіне қарсы имунитеттің қалыпсауы үшін. Бұл екі екпенің аралығы бір айдан үш айға дейін созылады", - дейді Алматы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бас маманы Бибігүл Нұрғалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086019-almatyda-kene-qaptai-bastady/

pixel