Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тағы сырғыма жүрді

Опубликовано:

Алматы лай көшкіні
Алматы лай көшкіні. Фото: ТЖМ

17 сәуірге қараған түні Алматының Медеу ауданындағы үйлердің бірінің жанында сырғыма жүрді. Төтенше жағдайда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, көлемі 10 текше метр болатын лай сырғымасы Алматы қаласы Медеу ауданындағы үйлердің біріне жақын жерге түсті.

"Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Бұл жағдайға қатты жауын-шашын және топырақтың батпақтануы себеп болды", - делінген хабарда.

ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ деректері бойынша, осы учаскеде сырғыманың қайта түсу қаупі бар.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда түнде Алматының Медеу ауданында көшкін жүріп, екі үй қираған еді. Үйінді астында төрт адам қалды. Кейін құтқарушылар олардың мәйітін үйінді астынан шығарған еді.

Айта кетейік, сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы).

Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары және т.б.) болып табылады. Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086091-almatyda-tagy-syrgyma-zurdi/

pixel