Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жаңбырдан кейін супермаркет пен кофехананы су басты (видео)

Опубликовано:

Шымкент көшелерін су басты
Шымкент көшелерін су басты. Видеодан кадр: instagram.com/otyrarkz

Шымкентте жауын-шашыннан кейін көшелер ғана емес, аулалар, кофехана мен супермаркетті су басты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жағдай тұрақталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Otyrar.kz басылымы.

Басылым мәліметінше, жаңбыр суы Сайрам көшесіндегі супермаркет пен кофехананы басқан. Сондй-аө қала көшелерін де су басқан.

Әкімдіктегілер Шымкенттің әр ауданында арнайы топ құрылып, арнайы техникалар жұмылдырылғанын айтты. Су мотопомпалар, сорғылар, вакуумдық цистерналар және қоқыс шығаратын көліктер арқылы шығарылады.

Сондай-ақ қала басшылығы жағдай Шымкентте Қалалық жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы бақылауында екенін хабарлады.

Бұл жағдайға қалалық төтенше жағдайлар департаменті де түсінік берді. Құтқарушылар 16 сәуірде Шымкентте қатты жаңбырға байланысты дауылдық ескерту жарияланғанын еске салды. Жауын-шашын салдарынан қаланың кей жерлерінде су жиналды.

"Қазір қалада жағдай тыныш, бәрі тұрақталды", - деді Шымкент қалалық ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Ирисмат Махмудов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086100-symkentte-zanbyrdan-keiin-supermarket-pen-kofexanany-su-basty-video/

pixel