Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада сауда орталығында теракт болады деп хабарлама таратқан 10 жасар бала анықталды

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған адам
Телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pexels.com

10 жасар павлодарлық оқушы Астанадағы "Керуен" сауда орталығында теракт болуы мүмкін деген хабар жіберген. Салдарынан ұлдың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Астана полициясына қала тұрғындарына WhatsApp желісінде мынадай хабарлама келгені жайлы шағым келіп түскен:

"Сәлеметсіз бе, "Коркус Сити холлдағы" теракт туралы естідіңіз бе? Мен сізге бір миллион теңге ұсынамын, біз сізге серіктестер жіберіп, техника береміз, сізді алып кетеді. Егер бас тартсаңыз, үйіңізге келеміз, сіздің қайда тұратыныңызды білеміз", - делінген WhatsApp желісінде тараған хабарламада.

Полицейлер іздестіру шараларының нәтижесінде әпкесін қорқыту мақсатында қулық жасауды ұйғарған 10 жасар мектеп оқушысын анықтады.

"Бұл жағдайда оның әрекетінде Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Алайда 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жеткен жоқ.

Кәмелетке толмағанның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана әрекет жасағанын ескере отырып, кәмелетке толмағанның заңды өкілі кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жазаланады", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, сот материалды қарап, заңды өкілге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар – 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабына сәйкес, ата-ана немесе өзге де заңды өкілдер кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) оқыту, құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086244-astanada-sauda-ortalygynda-terakt-bolady-dep-xabarlama-taratqan-10-zasar-bala-anyqtaldy/

pixel