Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мас күйде көлік жүргізгендерге жазаны жеңілдету ұсынылды: ІІМ жауабы

Опубликовано:

Көлік жүргізушісі
Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс отырысында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха көлікті мас күйде жүргізгендерге жазаны жеңілдету туралы ұсынысқа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстанда жыл сайын 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы мас жүргізушінің кесірінен болады. Соның салдарынан 100-ге жуық адам қаза болып, 600-дей адам түрлі дәрежедегі жарақат алады.

"Менің ойымша, бұл бойынша шара (мас күйінде көлік жүргізгені үшін жаза – редактордың ескертпесі) өте қажет. Оны қайта қараудың қажеті жоқ", - деді Лепеха.

Ол біріншіден, егер адам мас күйінде рөлге отырса, оған бұл үшін қандай санкция бойынша жаза қарастырылғаны маңызды емес екенін атап өтті.

"Екіншіден, жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілер туралы айтсақ: көлікті мас күйде жүргізгендердің кінәсінен қаза болғандардың отбасынан сұрайық...", - деді ол

Ол кей елдерде тіпті мас жүргізушілерден көлік тәркіленетінін айтты.

"Жауапкершілікті жеңілдету орынсыз деп санаймын, өйткені біз мас күйінде жүргізушінің кесірінен болған жол-көлік оқиғаларының азайғанын көрмедік, бүгінгі таңда олардың саны артқанын айтқым келеді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086307-qazaqstanda-mas-kuide-kolik-zurgizgenderge-zazany-zenildetu-usynyldy-iim-zauaby/

pixel