Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан автожолдарында орташа және максималды жылдамдық енгізіледі

Опубликовано:

Жол белгісі
Көрнекі фото: Marijan Murat/picture alliance via Getty Images

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 және одан да көп км/сағ асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі заң жобасына көлік құралдарының орташа және максималды жылдамдығы ұғымдары енгізілген.

Бұл түзетулер сертификацияланған арнайы бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғылары орнатылатын жолдың барлық учаскесінде жүргізушілердің жылдамдығын төмендетуге, сондай-ақ жылдамдықты шектен асырып жіберуге байланысты апаттар санын азайтуға бағытталған.

"Бұл ретте "орташа жылдамдық" көрсетілген құрылғылар мен құралдар арқылы жолдардың түзу учаскелерінде және айналма жолдары жоқ қала сыртында автоматты түрде есептеледі.

Сондай-ақ Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 және одан да көп км/сағ асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізіледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086334-qazaqstan-avtozoldarynda-ortasa-zane-maksimaldy-zyldamdyq-engiziledi/

pixel