jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жылыту маусымы аяқталып, кезең-кезеңімен жылу өшіріліп жатыр

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Алматыда мекемелер мен тұрғын үйлерге жылу беру кезең-кезеңімен тоқтатылады. Жылуды өшіру 15 сәуірде басталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жылыту маусымына дайындық пен өткізу қағидаларына сәйкес, гидрометеорологиялық қызметпен күнтізбелік бес күн ішінде Алматыда ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градустан жоғарылағаны тіркелген, осыған байланысты 2023–2024 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды", - деді әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері.

Жылу беру 15 сәуірден бастап өшіріле бастаған және бұл процесс кезең-кезеңімен жалғасады: әуелі әкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері, мәдениет нысандары және т.б. республикалық маңызы бар мекемелерде жылу сөндіріледі, одан кейін тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер) мен әлеуметтік нысандарда (балаларға арналған және медициналық мекемелер, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер) жылу өшіріледі.

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда 30 градусқа дейін ыстық болатынын болжаған еді.

Алматыда жылыту маусымы аяқталып, кезең-кезеңімен жылу өшіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.