Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астаналықтарды ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді": Су ресурстары министрлігі тасқын судың пайдасын айтты

Жарияланған күні:

Астана қаласы
Астана қаласы. Фото: Aytac Unal/Anadolu via Getty Images

Астана су қоймасын тасқын суымен толтыру қала халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Астана су қоймасын тасқын сумен толтыру 2 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

"Ақмола облысында Астана су қоймасын толтыру көрсеткіші 99,6%. Бұл жыл бойы елорда тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ Есіл өзенінің гидрологиялық жай-күйін жақсарту мүмкіндік береді.

Былтыр Астана су қоймасындағы су көлемі қаланы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге жетпеді, сондықтан су қоймасын Қ.Сәтбаев атындағы каналдан қосымша толтыруға тура келді. Бұл қажеттілікті өтеу қымбатқа шықты және құны 2 млрд теңгеден асқан болатын", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086469-astanalyqtardy-auyz-sumen-qamtuga-mumkindik-beredi-su-resurstary-ministrligi-tasqyn-sudyn-paidasyn-aitty/