"Бұл – заңсыз": Асхат Аймағамбетов мешіт пен шіркеуде тіркелетін некеге қатысты ойын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжіліс кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов қазақстандықтардың АХАЖ-да заңды түрде некесін қимай тұрып, некеге тұратынына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл – заңсыз, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін журналистер АХАЖ-да тіркелмеген некені дәстүрлі емес некеге теңеуге бола ма деп сұрады.
"Мен сіз айтып отырған нәрсені құптамаймын, мұны заңсыз деп санаймын. Біздің заңда белгіленген тәртіппен тіркелген неке мойындалады. Тіркелмегендер неке деп танылмайды. Яғни, олар некесін мешітте, шіркеуде, басқа жолмен тіркесе, бұл неке деп саналмайды", - деді Асхат Аймағамбетов.
Ол бұл мәселені талқылауға болатынын айтты.
"Сіздің алаңдаушылығыңызды түсініп отырмын, бұл бір трендке айналуда – кейбір азаматтар осылайша некеге тұруға тырысады, алайда бұл заңды бұзады. Біз зайырлы мемлекетпіз және тіркеудің заңмен белгіленген тәртібі бар. Бұл тұрғыда сіздің алаңдауыңызға негіз бар деп ойлаймын", - деді депутат.
Аймағамбетов некені тіркеген дін қызметкерлеріне жауапкершілік енгізу мәселесін талқылау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұған дейін мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қазіргі уақытта заң бойынша мұндай жауапкершілік жоқ екенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086568-bul-zansyz-asxat-aimagambetov-mesit-pen-sirkeude-tirkeletin-nekege-qatysty-oiyn-aitty/