Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте патрульдік полиция көлігін жеке мақсатта пайдалану дерегі тексеріліп жатыр

Опубликовано:

полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте полицейдің патрульдік автокөлікті жеке мақсатта пайдалану дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Otyrar.kz.

Басылым ақпаратынша, оқиға куәгерлері редакцияға бейнежазба жолдаған. Бейнежазбадан патрульдік полиция көлігінің жеке үйге келе жатқанын көруге болады.

Қызметтік көлікті қарапайым киім киген ер адам айдап келе жатыр, ал артқы жолаушы орындығында балалы екі әйел отыр. Куәгерлердің айтуынша, видео 10 сәуірде түсірілген.

Шымкент қалалық полиция департаментінің өкілдері патрульдік көлікті басқарған жүргізушінің кім екенін анықтап, қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны үшін, сондай-ақ жеке ісімен жүргені үшін жауапкершілікке тартуға уәде берді.

"Қазір бұл факт бойынша полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде. Полиция қызметкеріне қатаң тәртіптік жаза қолданылатын болады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086619-symkentte-patruldik-kolikti-zeke-maqsatta-paidalanu-deregi-tekserilip-zatyr-video/

pixel